20.05.2022
116
![](/uploads/shorttexts/author_image/au4262.jpg)
Шабыт
Шабыт та шалқалаған
Ертең деп есінейді.
Сезім жоқ сәл қараған
Көңілсіз кеш үдейді.
Өлеңге есім кетіп
Жүргем жоқ, (Бәрін білем).
Сен мейлі кешірме түк
Бақпасам әлімді мен.
Көшірме-күнім кешкен
Атып жүр текке әр таңым.
Өзім кеп үңілместен
Өлеңге өкпе артамын.
Өткізген «керемет» тым
Күндерден қалады нем?
Танымай неге кеттім?
Қаламды парағымен.