20.05.2022
  117


Автор: Мөлдір Дарханбаева

Бақыт пен мұң

Білесіз бе, жанымды мұң жегенін?
Жүрегім тұр жолында мың жебенің.
Апыр-топыр алапат бұл соғыста
Мен және ол, білмеймін кім жеңерін?!
Санадағы сезсеңіз сұрапылды,
Қабағымда қайғы иті бұратылды.
Көңілімнің кешегі күйі кеткен
...Күйзелісі емес-ау бұл ақырғы.
Ұрыс келіп ұсынса сұм шарабын,
Құри ма екен, құдай-ау мұншама әлім?
Жер астына ойлаусыз жол тартар ма ем,
Болмағанда егер сіз, мұң шағарым?
Жағдайымды шалажан мұң жыққаны
Жүректегі долы үнді түн жұтпады.
Жаным, мынау өмірді өртеп тастап
Жайым кетіп отырмын жүнжіп тағы....
Бір адаммен ашылып зор тынысым,
Бір адамға байланып қорқынышым.
Өмір мені шайқады, алма-кезек
Бақыт пен мұң жүректі толтырысып...





Пікір жазу