20.05.2022
137
Кешірші...
Тоқтаусыз сағындырғаным үшін,
Басқаша бағындырғаным үшін,
Сені соншалық сүйікті етіп
Жалын қылғаным үшін,
Кешірші...
Жүректе бүлік қылғаным үшін,
Кей мұңды ұмыттырғаным үшін,
Мені ойлап, таңертеңгілік
Күліп тұрғаның үшін,
Кінәм бар...
Жазылған жыр хаттарым үшін,
Тым көптеу мұң баққаның үшін,
Бәр сәтте шат қылып тұрып
Көзіңді құрғатқаным үшін
Кешірші...
Менімен көп тоңғаның үшін,
Болмаған от қорғаның үшін,
Бар болып, сонан соң, қайта
Осылай жоқ болғаным үшін
Кешірші, мені...