20.05.2022
  118


Автор: Мөлдір Дарханбаева

Өзіңсіз өртену

Сыйладың да,
өшпейтін бір жарық маған,
Сыйладың да көшпейтін мұң ғаріп ғалам.
Кеттің бе сен?
Өзгенің қолынан ұстап
Құдайым-ау,
Құдайым, жынданып барам...
Жүргенмін бе,
Өзіңді ертегі көріп?!
Тағдырымның болмайтын ертеңін өріп.
Айтпай келген, аяусыз азапқа мынау
Шыдамаймын,
Кетсемші өртеніп өліп.
Пешенемнің бәрін де сорынан көрдім,
Өмірімнің өзіңсіз соңына келдім.
Жүрегімді оңдырмай жаралап кеткен
Алып кетші,
Ендігі... Қолыңа бердім...





Пікір жазу