20.05.2022
  108


Автор: Мөлдір Дарханбаева

Мезгілсіз мұң

Мұңды әуенге оранып, мұңды бағып,
Мың бөлініп, отырам мың құралып.
Шыдамыңа шешуші шала құсып
Ал сендегі жүрекке,
Қара мысық
Мың секемін бүгінгі сүңгір алып...
Мұңды әуенге елітіп, жанымды езіп,
Қайғы бақтың жаралы бәрін кезіп,
Отырамын жүректі мың тістелеп.
Серпін берер
Сен жақтан бір күш керек
Түрі қашқан халімді жаным, тез ұқ...
Көлеңкесі күмәннің жымың қағып,
Арамызда әлі де жүр ырғалып.
Сезімдерді жылаған құшаққа алып,
Екі жақта отырмыз
Ұсақталып,
Махаббаттың мезгілсіз мұңын бағып.





Пікір жазу