meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  20.05.2022
  123


Автор: Мөлдір Дарханбаева

Ай

Ай, Ай,
Мені көрдің бе, қол бұлғаған?
Жаным сырқат,
Оған ем түсер кімнен?
Уақытты бер,
Сезім мен жолды ұрлаған...
Тыс еркімнен...
Ай,
Барлығын бақылап тұрсаң, онда
Сол бір жанға сәлем айт,
Мұншааааа қылып
Ол да қалды
Уақыттың құрсауында
Тым сағынып....
Айым,
Кеттім, бір ізбен шырғалып тым...
Қашан енді толады ақ «керсеңің»?
Ол екеуміз, тебейік
Шын бақыттың
Әткеншегін...





Пікір жазу