20.05.2022
78
Соңғы дәрмен
Мұң берме, жарығым дәл бұлай
У берші өтінем, өтінем!
Одан да аямай ал, құдай
Сезімге бір құрбан етілем.
Өртеме, тірідей от қойма,
Одан да мың рет сұқ пышақ.
Азабың, аз әнің тоқтай ма?
Бізге енді ашар ма құт құшақ?!
Қоймағың алдыма қайғы-арақ?
Тамырға сала сал екпе уын.
Жылама, жүзіме жай қарап
Маған бер күдіктің көптеуін.
Асылым, бекерге кектенбе,
Жүк салма ең соңғы дәрменге-ей.
Өзіңді ұнатар көп пенде
Сүйетін жалғыз-ақ дәл мендей...