20.05.2022
110
Соңы бар қоштасу
Ең үлкен сағыныш санамды ап,
Ғайыптан от сезім көшірдім.
Қалада ызғарлы самал қап
Басады сенсіздік кешін мұң.
Ең ғажап шаттыққа шомылып,
Ең тәтті сімірдім шырынды ап.
Содан соң сағыныш шоғы үріп
Жүректер жол жүрді шырылдап.
Ең үлкен қимастық жалындап,
Ең ауыр сезімді сезіндік.
Көңіл-Ай мұң бұлтын жамылды ақ
Жұлдыздар қап-қара бөз ілді, үф...
Ең қиын қоштасу соңы бар,
Соңы бар ерекше күй ішер.
Жүректер жақыннан соғылар
Ертең-ақ жанарлар түйісер.