20.05.2022
124
Шағым
Жанға көктем,
Жанарыма жаз қонбай,
Сағынышым сілкір күндер аз болмай.
Арпалысам сенсіз өткен әр сәтпен
Ауыр мұңым арқамнан еш қозғалмай...
Сезім-садақ нысанаға дөп алып,
Қос жүректі жаралады
Ол анық.
Содан қалдым уайым уын сіміріп
Ал сен жүрсің осы сәтке тоба ғып.
Бір болудың түспеді ме шамы нақ?
Қалдық енді өмір-соттан шағым ап.
Түс-сарайдың кіреді көп ішіне
Біз құрмаған
Және құрмас шаңырақ.
Қиялдарда «бақыт» құрған жоба жүр,
Қу тірлікте мұң-қаздырған ор әзір.
...Қалам-құсым қанатымен киелі
Жазбайды енді екеумізге ода жыр..