20.05.2022
  120


Автор: Мөлдір Дарханбаева

Қуаныш отауы

Жанымдасың
Күнім – нұрлы, түнім – бақ
Көп тілеген,
Ертегі – сәт осы ма, жетті деген?!
Қара бұлтқа байланған қара ғұмыр
Шөкті менен...
Қасымдасың
Қуаныш – жас жанарға жайғасып ап,
Отау құрды...
Кетті мұң сайға шұбап.
Талай сында тозбаған сезімді бұл
Жұлдыз – жебеп, Күн – қолдап, Ай бас ұрад.
Мынау шаттық
Жүрегіме сыймай тұр шынашақтай,
Қалар ма екен, қапыда сірә соқпай?
Бүгін маспыз бақыттан,
Ал...
Ал ертеңгі
Күнімізге белгісіз ұласад қай?





Пікір жазу