20.05.2022
  127


Автор: Мөлдір Дарханбаева

Мың сұрақ

Сағыныш сындырдың, күң еткір
Сезімге байладың, тірі-құт.
Жазадан жалыққан жүрек бұл
Кеудеде қалды ма тығылып?
Кеуденің көрі ме, төрі ме?
Бақыттың басы ма? Тасы ма?
...Әйтеуір, қаламыз шегіне
Билейді, мұң-мысқыл ашына.
Қол ұстау-жол ұстау, әттеген
Басқамен бет түзеу, Ескерту!
Барлығы айтатын, Бақ деген
Көмескі, бізге жат көшке ерту...
...Арпалыс, қиналыс, күйзеліс
Тағдырдың ойыны – от-ұру.
Есепсіз есті-алу, ми-жегіш
Бақытқа бақытсыз шоқыну.
Күрсініс – жүректің дүрсілі
Қайтеміз? Не етеміз? Мың сұрақ
Кеудеге жабысқан мұң сірі
Күніге осылай сыңсымақ...
Иә, жаным білеміз, бұл – сынақ!





Пікір жазу