20.05.2022
  139


Автор: Мөлдір Дарханбаева

Қаншама сынақ тұр, алдыңда...

Қаншама сынақ тұр, алдыңда
Мойыма, тұрыс жоқ, ұрыста!
Тек қана арыңды шаң қылма,
Және де бойыңды тік ұста!
Қаншама өсек жүр айнала,
Оқты көз қадалар дұшпаннан
Көз жұмып өтіп кет, жай ғана
Елемеу, дұрысы – тыс қалған...
Табалап жатса да жұрт бітпей,
Иманың сақтасын беріктік.
Алдыңнан қадамын нық, тіктей
Шығады жақсылық, сеніп күт!





Пікір жазу