20.05.2022
96
Мен бармын
Үйірсе аспаныңның бұлтын қайғы
Жүзіңнен мен көретін күлкің тайды.
Көңілің күйзелгенде күйі кетіп
Алысқан ақылыңды мұң құлтайды.
Жаным-ау, түсіндірші халіңді ашық,
Ішіңде тұрған сол бір қабірді ашып...
Басылар боранның да күні бар ғой
Үйіңде мың күдіктің тарылма, шық!
Сексен ой түсініксіз бермей тыным
Тоқтаусыз білемін көп тергейтінін.
(Немесе білмеуім де сірә, мүмкін)
...Сол ойға қалшы бір сәт ермей, күнім.
Жүректі жұлмалаған жегір мұңдар,
Бақыттың бархыт жапқан жеңін былғар.
Жадау күй жанарыңның отын басса
Мен бармын жақсы күннің жөнін бұлғар..