meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  19.05.2022
  235


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Мойыл көзді келіншек

Мойыл үздің мойын созып,
Мойыл көзді момақаным.
Мойыл ағаш ойың сезіп,
Жая түсті алақанын.
Уыз дерті омырауда,
Ұмсынады, қымсынады.
Күлкісі ұқсап қоңырауға,
Сыңғыры жан шымшылады.
Жеңсік жеміс-жерік асың –
(Жұмбақ күйдің жойылғанын
Арқа бермес пері басым)
Мойыл бақта мойындадым.
Мойыл дəмі – тіл ұшында,
Сөлін жұттым құмарлана.
Осы атырап бұрышында,
Мойыл бағым – сыңар ғана.
Мойыл көзім, сен де – сыңар,
Мойыл бақтың ішіндегі.
Жалқы бақыт менде шығар,
Жан иесі пішіндегі.
Тамылжыған тамыздағы
Мойыл бағы, мойыл бағы ...
Бақытты жан аңыздағы
Сен болар деп мойындады





Пікір жазу