19.05.2022
146
Төгілген жасым жолда қалды.
Төгілген жасым жолда қалды.
Шабылған басым қолда қалды.
Жасымды жарым тере шықты.
Басымды жауым көре шықты.
Еркектің көз жасы көріне ме екен?
Батырдың басы иіле ме екен?
Төгілгені – төгілген жерде көк
тасқа айналды,
Иілгені – иілген жерде шабылған
басқа айналды ...