19.05.2022
  147


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Артыма бұрылып бір қарадым...

Артыма бұрылып бір қарадым:
Желкілдеді тұлымы бір баланың.
Ол бала мені қуып жетпек, анық –
Қолына тап-таза, жас өкпені алып.
Артыма бұрылып тағы бір қарадым:
Айдарынан жел есті тағы бір баланың.
Ол бала басып озуды пір етті анық –
Қолына тап-таза жас жүректі алып.
Осылайша бір бəйге басталды да,
Қалмады уақыт жасайтын бастаңғыға.
Алдыдағы ағадан көріп келем,
Інілерге жеткізбей қашқанды да ...





Пікір жазу