19.05.2022
  246


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Жасым – қырыққа келді,

Жасым –
қырыққа келді,
Басым –
бұғалық, құрық та көрді.
Өзін –
тау-тасқа ұрып та көрді,
Сөзін –
оң-солға бұрып та көрді.
Досын –
өкпелеп, ұғып та көрді,
Қасын –
жекпе-жек жығып та көрді.
Қолын –
сындырған сырық та көрді,
Жолын –
бұрдырған мырық та көрді.
Жасым –
қырыққа келді,
Басым –
басасау, ырыққа көнді ...





Пікір жазу