Қиқулап ұшқан қызғышым..
Қиқулап ұшқан қызғышым,
Тоқсанбысың, жүзбiсiң –
Тобыңды сенiң санаман,
Қайырып көрмен түз құсын.
Құрағы құрып көлiңнiң
Қағыңнан бəлкiм жерiндiң.
Еңсесi түсiп елiмнiң
Ерқашты мен де көрiндiм.
…Қамығып жүрген ақынмын,
Махамбет ерге жақынмын.
Қайрауым таппай кетiлдiм,
Сайлауым жетпей атылдым.
О заман емес, бұ заман.
Ел аман, аймақ түз аман.
Қолымнан келер дəрмен жоқ,
Жарылам бiр күн ызадан.
Жұртымның халi – мүшкiлдеу.
Тартқан бiр дəмi – қышқылдау.
Кедейдiң тiлi – үшкiлдеу,
Байшiкеш сөзi – мысқылдау.
Алаңдап өмiр сүремiн.
Аман бол, өзiң, Тiрегiм.
Сыбанып салып бiлегiң,
Қолыңа ал ендi күрегiң…
Сенетiн бүгiн мықтың жоқ.
Саясаткердi ұқтым дөп.
Сорлайтын қара халқым-ау,
Қызғышың болып шықтым кеп.
…Қанаттылар – көлiнде,
Санаттылар – елiнде,
Түсе берсiн телiмге,
Бара берсiн өлiмге…