19.05.2022
152
![](/uploads/shorttexts/author_image/adbe5751f84fd269a29c38db149908c1.jpg)
Жалт ойнайды түнгi аспанның төрiнде.
Жалт ойнайды түнгi аспанның төрiнде.
Қызыл көздi нажағайға көрiнбе.
өлiп-өшiп сүйесiң ғой өмiрдi,
Бақыр басың неге тiктiң өлiмге?
Шатыр-шұтыр жасын түсiп жатыр ма,
Жан керек пе жаһан кезген батырға?
Жалғыз мола басына кеп түнейiн,
Жаратқаным, жəрдемiң бар пақырға…
Жанына ерген жолдасы жоқ бейбақпын.
Мəн-жайымды түсiнер ме ойлап түн?
Жалт ойнаған қара аспанның астында
Жалқылығын жатыр екен тойлап кiм?
Қызыл көздi нажағай-ау, нажағай,
Қызыл май қып қуған тағдыр азабы-ай…
Жаңбыр менiң жуа ала ма жанымды?
Жол шаңынан алғанымен тазалай…
Иегiмнен су сорғалап бұйықтым,
Ертегiсiн тыңдап жатыр ұйып кiм?
Қызыл көздi нажағайдың алдында
Бетiң басып қала бердiң, тұйық түн…