19.05.2022
  111


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Көңiлiңе не дейiн хан басыма толмаған?

Көңiлiңе не дейiн хан басыма толмаған?
Өмiрiңе не дейiн отыз күндей болмаған?
«Ақырғы сəт, – дедi, – бұл» қылаулаған қар маған.
«Соңғы сапар, – дедi, – бұл» бұлың-бұлың жол маған.
Жүрегiңе не дейiн жұмбағымды ұқпаған?
Тiлегiңе не дейiн оң жағымнан шықпаған?
«Соңғы мезет, – дедi, – бұл» мөлдiреген шық маған.
«Соңғы көшу, – дедi, – бұл» буырқанған бұлт маған.
Қайғымды ұққан қараша қара аспанға ұшырды.
Қату қабақ қара аспан қара жерге түсiрдi.
«Соңғы үмiтiм» дедiм мен босаттым да құсымды,
Аямастан ауыртып нəзiк жүрек тұсымды.





Пікір жазу