19.05.2022
121
Шалдықпа, қартым, қажыма,
Шалдықпа, қартым, қажыма,
Тiрлiктiң аз-мұз назына.
Қатайып қара қысыңа,
Қайырылып қара жазыңа,
Қарашаңырақтағы қазына.
Қарашаңырақтағы қазына
Қату қабағы жазыла,
(Қарайған жұрты қазы да!)
Жасады талай базына
Тiрлiктiң түрлi сазына.
Тiрi ме ең, арман, тiрi ме ең,
Қызықтың сен де бiрi ме ең,
Қыдырдың сен де бiрi ме ең,
Танытып əлем гүл рең
Талғаусыз бiр күн күлiп ең…
Толқыныс көп түрiнен,
Таңданыс тауып тұрып ем.
Арылған дүние кiрiнен,
Адамның жаны сiрi ме ең,
Адал жүректiң пiрi ме ең?
Шалдықпа, қартым, қажыма
Тiрлiктiң аз-мұз назына…
Елегiзу
Көкте күн жоқ.
Жерде үн жоқ.
Арамызда кiм жоқ?…