19.05.2022
  134


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Жалықтырдың, жылауық күз.

Жалықтырдың, жылауық күз.
Жалықтырдың, жылауық қыз.
Жадырайтын шақ болар ма,
Жарқын күлiп бiрауық бiз?
Күз жылай ма, қыз жылай ма,
Бастар тағдыр бiздi қайда?
Жанымызды желпiмей жел,
Жапырақты сызғылай ма?
Көкiрегiм толды менiң.
Көп үмiтiм өлдi менiң.
Көк аспанның ар жағына
Көтерiлгiм келдi менiң…
«Көз жасынан аулақ», – дедiм.
«Жанымды алшы жаулап», – дедiм.
Үндемейсiң, жетi қат көк –
Тағы селдеп жаумақ па едiң?
Жылауық күз мезi еттi ғой.
Жылауық қыз сөзi өттi ғой.
Жарқын күлiп жүрушi едiм,
Жамандардың көзi өттi ғой…
Қазақ
Ағыл-тегiл,
Ебiл-дебiл,
Жансебiл…





Пікір жазу