19.05.2022
  175


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Ермен-ай, ермен, ермен шөп...

Ермен-ай, ермен, ермен шөп,
Ерiккенiмнен келгем жоқ.
«Өлең» деп өрiстеген ем,
Елден алыста өлгем жоқ.
Еш қызық, бiрақ, көргем жоқ,
Ойымды онға жөргемдеп,
Санамды санға бөлгем көп…
Ермен-ай, ермен, ермен шөп,
Аңқиды исiң желмен кеп.
Қоздады бойда шер мен шоқ.
Өзегiмдi өртеп өттiң ғой
Тигендей соққы белден дөп.
Iшiмдi, бiрақ, бергем жоқ,
Қурайдай болып көлбеңдеп,
Қойныңа ендiм телмеңдеп.
…Ермен-ай, ермен, ермен шөп.





Пікір жазу