19.05.2022
155
![](/uploads/shorttexts/author_image/adbe5751f84fd269a29c38db149908c1.jpg)
Даналықтың дұғасын
Даналықтың дұғасын
Дари ма дедiм бойыма.
Сөзiмдi ептеп ұғасың,
Жеткiзсең көзiң ойыма…
Диуана көңiл дал ұрып,
Дүние сырын бойлады.
Таңдайда тiрлiк балы iрiп
Тартыспаққа қоймады.
Салқынқан Сана шақырды
Саябырға, сабырға.
Қасына алып Ақылды
Кеңес құрды қабырға.
…Жүрек байғұс беймаза
Жан-жағынан таланған.
Жүргенiм бе бой жаза
Жолға тастап сан арман…