19.05.2022
167
Кек қысады кеудемдi:
Кек қысады кеудемдi:
Бөрi жұрт талай қой көрдi.
Бұғалыққа қалай бой көндi?
Бұзып шығарға ой келдi…
Қай жерде сөзiм сөйлендi?
Жұлқысып жырттым жейдемдi.
Жейде емес, намысым тапталды
Жаман мен қамысым мақталды.
Шарасыз арысым тоқталды.
Ұмыттым уайымсыз шақтарды.
Қызыл қан бояды ақ қарды,
Көкiрек тұсымда оқ қалды…
…Кеудемде қайтпаған кек қалды.
2
Кек қысады кеудемдi, кернеген кек.
Оны ұға бермейдi көлденең көп.
Заманнан ба, заңнан ба, кiмнен алам,
Қызыл қанға жүрегiм шөлдеген жоқ…
Намыс-кегi бойында қалған ұлмын.
Қан төккiм жоқ, алайда зорға жүрмiн.
Арман-мүдде адыра қалған кезең
Ұстатпады сəулесiн қолға күннiң…