19.05.2022
  105


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Көз жетпеген дүние...

Көз жетпеген дүние,
Көңiл саған жетедi.
Бас сұқпаған үйiңе,
Басқа жаққа кетедi.
Адал ниет, ақ көңiл,
Сиқыр сурет, сыңқыл əн,
Сүргiздi де тəттi өмiр,
Сүйiндiрдi сыртынан.
Бұлжымай сол қалпымнан
Ырзығымды терiп жеп,
Ерiдiм сенiң артыңнан,
Еру болар жер iздеп…





Пікір жазу