19.05.2022
  97


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Тоқтадым, тоқырадым.

Тоқтадым, тоқырадым.
Жеңiл тартты ма топырағым?
Көтере алмай отырамын
Жаман шобырдың шоқырағын.
Жабыдан жаным жалықты.
Көңiлiмдi сол-ақ налытты.
Қамыт қып киген нарықты
Аяймын сорлы халықты…
Өзiмдi жəне аядым,
Өтпес пышаққа таядым.
Бола ма менiң баяным,
Бола ма, елiм, баяғың?…





Пікір жазу