19.05.2022
133
Қара шалға қатысты қаншама өлең…
Қара шалға қатысты қаншама өлең…
Маңдайдағы бағы шын жанса көрем.
Өзге өлеңдi бiлмеймiн, өзгелердi –
Қара шалды мəңгiлiк аңсап өлем…
Қазынасы қартымның қалды менде.
Базынасы халқымның салды жөнге.
Қара шалды пiр тұтып, халқын сүйген
Қара ұлдың айналсын алды кеңге…