meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  19.05.2022
  165


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Қалықтап тұрған қырғи құс...

Қалықтап тұрған қырғи құс,
Қату-қату үн салар.
Қара жерде қара шал,
Қабағына күн салар,
Көкiрегiн мұң шалар…
Қырғидайын құдиған,
Қырғи көздiң нұры да аз.
Салдық қалған бiр сайда –
Жүргенiне тiрi – мəз
«Сиқырсымай құры, наз…»
«Қара, қара əлемге,
Қара шалым, қамықпа.
Қырғи күннiң белгiсiн,
Қалдырғасын халыққа,
Салдырарсың озыққа».
Көкте – қыран, жерде – шал,
Күн байыды батарда.
«Салмағыңды елге сал,
«Еншалла» де жатарда…»





Пікір жазу