19.05.2022
114
![](/uploads/shorttexts/author_image/adbe5751f84fd269a29c38db149908c1.jpg)
Ойламайтын ертеңін...
Ойламайтын ертеңiн,
Ақын – сенiң тентегiң.
Сабасынан асқанда
Жыға көрме желкенiн…
Қайғысына татыр мұң,
Ақын – сенiң ақылдың.
Жүректегi дертiнiң
Айта алады атын кiм?…
Айта алатын анасы,
Ақын туған даласы,
Күңiренген көңiлi,
Сарғайыңқы санасы…
Ақын – сенiң албыртың.
Ақын – сенiң аңғыртың.
Сен ұйқыда, ол ояу –
Қалжыраған қалғыр түн…
Ақын – сенiң жан-жарың,
«Перiште» деп қалмағын.
Айыра бiл сөзiнiң
Алмағы мен салмағын.
Ақын – сендiк пенде бiр.
Заманадан кенже жүр.
Өзi бiлер бағасын –
Пайымыңмен сен де бiл.
Ақын – сенiң ақылың.
Жаның, жалғыз жақының.
Шайқы-бұрқы шағына
Жете көрсiн ақылың…