19.05.2022
  354


Автор: Серік Әбіл

АНА ТІЛ – АРМАН

(Қария монологі)
Алматыдан ауылға келдім кеше,
Саңырау мен сақауды көрдім неше.
Ана тілде сөйлейтін жан таппадым,
Енді оны кім білер ел білмесе.
Қолда қоржын, аяқта саптама етік,
Көрдім талай көшені таптап өтіп.
Құлазыдым, қорландым, намыстандым,
Қайран қала қалғандай жатқа кетіп.
Абайыңды білмейді, Мұхтарыңды,
Не қылайын бал
-шырын жұтқаныңды.
Өзіңді өзің сезбедің құртқаныңды,
Жасқа шылап оралдым шыттарымды. “Ана тілін “ сөйлеуден арланады,
Шалқаяды, шалалар шамданады.
Жүректегі тырнайды жан жараны,
Алатауға жаңғырар арман əні. “Ана тіліңді түзе, тек, қарағым,
Еңбегіңді ел білер еске аламын. . . “.
Деген оймен сыйынып көшедегі,
Суретіне сұлтанның көп қарадым...
Ана тілге арналған күші кілең,
Арысымды арыдан түсініп ем.
Алматыдан аттандым ақырында,
Ахметтің мұңдасып мүсінімен. ...
Елді қайтып өзіңе қоса аласың,
Көрінбейді сыртынан дос аласы.
Ана тілің, дəстүрің – ана еліңнің,
Емес пе егіз екі босағасы.
Көкіректе тұншығып сан арманым,
Бақта жаттым ешқайда бара алмадым.
Немеремді иіскейін деген едім,
Яссауиден отауды таба алмадым.
Мен бір кəрі асудан сан асқамын,
Кірлетпедік біз бірақ ар аспанын.
Ештеңе етпес ендігі адасқаным,
Ұрпақтарым тек сендер адаспағын!..
2007. 9. 27.
Алматы





Пікір жазу