19.05.2022
  104


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Обалым кiмге менiң?

Обалым кiмге менiң?
Қалың орман iшiнде гүлдеп едiм.
Қайғы-мұңсыз бiр өмiр сүрмек едiм.
Алаңқайға адасып шықтым-дағы
Шырғалаңнан шырғалаң iргеледiм.
Қалың орман-қараорман қайда қалды?
Қаптай өскен шырмауық байлап алды,
Қарап тұрып қарау бiр ойға барды.
Қайғы-мұңсыз жүретiн қайран басым,
Сары жапырақ үзiлген сайда қалды.
Обалым кiмге менiң? Кiмнен көрем?
Он жағымда бiр iсiм үлгермеген,
Сол жағымда бiр iсiм дiлгiрлеген.
Қайғы-мұңсыз бiр өмiр сүрмек едiм –
Қатар ақтым қайтпайтын күндерменен…





Пікір жазу