19.05.2022
  107


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Бiр толарсақ, бiр тобық,

Бiр толарсақ, бiр тобық,
Салдырады саным.
Қойнына жыр толып
Қалжырады таңым.
«Жеткiзем, – деп, – алысқа»
Жер дүмпiдi өкшем.
өгiз терiсi – талысқа
Орасам ба, нетсем…
Көтерем деп ауырды
Сырқырады белiм…
«Жəрдемдес», – деп бауырды
Жұмсамады елiм…
Сай-салаға ұрынып,
Сыздап жүрген-жаным.
Жетелеген бiр үмiт,
Қашан ұғам мəнiн…





Пікір жазу