19.05.2022
  144


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Ақындардың киесi, атпа менi...

Ақындардың киесi, атпа менi,
Сиынатын жырларын жаттап едi.
Бiр қауым жұрт бiраз күн мақтап едi,
Итердi ме ойланбай отқа менi…
Жақсы сөзiн мықты ақын арнап едi,
Үлкен кешке менi ертiп бармақ едi.
Үлкендердiң сынына салмақ едi,
Итердi ме ойланбай жарға менi…
«Ақынмын» деп кiм екен айта алатын?
Мұқағали, мен сенi қайталадым.
Кезiп-кезiп қайтам да ой торабын,
Шарап iшiп, шамалы шайқаламын…





Пікір жазу