19.05.2022
  101


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Ақынға сенi жұпты еттi...

Ақынға сенi жұпты еттi,
Қаракөз қызға жүктi еттi.
Құлқыңды алған құдайың,
Көңiлдi кейде күптi еттi.
Ақынға сенi жұпты еттi,
Балпақтай ұлға жүктi еттi.
Тiлеуiңдi берген тəңiрiң,
Тамырыңды берiк, мықты еттi.
Ақынға сенi жар еттi,
Намысқа басар нар еттi.
Тағдырың салып əкеттi,
Жоқ еттi, бiрде, бар еттi…





Пікір жазу