19.05.2022
  123


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Мамырдың майда желi, деп айтам, майда желi...

Мамырдың майда желi, деп айтам, майда желi,
Маңырақ тұстан ба едi, қайдан едi?
Мамыра тiршiлiктiң мау шағындай
Маужырап майса құшақ жайған едi.
Масайтқан майда жел ме, майса ма едi!
Зеренiн зерлей түскен Зайсан едi.
Сол суды Сүлейменнен сұрап алып,
Майсаны мелдектетiп қойсам едi…
Майсаны «қыз» деңiз де, «көк» деңiз де.
Үңiлу мiндет болсын өткен iзге.
Мамырдың майда желi қайдан едi,
Саф ауа сайран салды өкпемiзде…





Пікір жазу