19.05.2022
  128


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Күзгi түнде қуқыл ай ерiп кеттi…

Күзгi түнде қуқыл ай ерiп кеттi…
Менiң жесiр жеңешем жерiк бопты.
Абың-күбiң жүргенде арсы-гүрсi
Көршi үйдегi қос қатын көрiп кептi.
Жеңешем-ай, тағдыры тайқы маңдай.
Алдан торын тағы да жайды қандай?
Қос қатынның аузына қақпақ қоймай,
Не болды екен жүрегiң айнығандай?
«Не болды екен?» дегенмен не бiлемiн?
Бiлсем де бiлмеген боп жеңiлемiн.
Қос қатынның сыпсыңы миымды жеп,
Көрпе астына көрiнбей көмiлемiн.
Жаным жеген намыс па, наза ма екен,
«Жерiк» деген жесiрге жаза ма екен?
Қос қатын-ай, қотырым қасыма ендi,
Жеңешiмнiң жүрегi таза ма екен?..





Пікір жазу