19.05.2022
122
![](/uploads/shorttexts/author_image/adbe5751f84fd269a29c38db149908c1.jpg)
Айлы түнде көлеңке көзге ұрады.
Айлы түнде көлеңке көзге ұрады.
Абайла, ауыл ертең сөз қылады.
«Ел жатқанда жатпайтын енекемдей»
Қимыл бағып тұрады көз-құлағы.
Абайла, ауыл ертең сөз қылады.
Ауыл – осы, аймағы қараң-құраң.
Бiреу шыға келедi қараңғыдан.
Бiреу тұра қашады тапырақтап,
Үй iргесi iркiлген тораңғыдан.
Ауыл – осы, аймағы қараң-құраң.
Ауыл – осы, аумағы абың-гүбiң.
Күтпе, əсте таппайды дамыл бүгiн.
Көзге түспей кетейiк қырдан асып,
Мынау торғын шəйiнi жамыл, гүлiм.
Ауыл – осы, аймағы – абың-күбiң.
Ауыл – осы, бұл – менiң арман түнiм.
Арман түнде арманда қалғам, күнiм.
Арылмады кеудеме толған мұңым.
Сол армандай мен сенi көрем десем –
Қайтейiн, қайтейiн-ай … жалған бұным