19.05.2022
140
![](/uploads/shorttexts/author_image/adbe5751f84fd269a29c38db149908c1.jpg)
Жел үрген жондай жұтаң дүние...
Жел үрген жондай жұтаң дүние
Жалтаң етедi қай күнi?
Қамшы сабындай тұтам дүние
Шолтаң етедi қай күнi?
Кетпеске болмас пəни дүние
Қадiрiмдi кетiрiп болды-ау…
Бармасқа болмас, бақи дүние,
Баратын жұмақ өтiрiк болды-ау…
Бергенiн алдым, жазғанын көрдiм.
Жазмыштың бұрық жолында.
Басымнан күннiң озғанын көрдiм,
Сол менiң бағым, сорым да…