19.05.2022
169
Қырық күн жерде жатқан Үркер...
Қырық күн жерде жатқан Үркер,
Қырықтың бiрi Қыдыр кiм?
Тұңиыққа үнсiз батқан Үркер,
Томсарып саған үңiлдiм.
Қырық күн бе деi, қырық түн бе едi,
Жұртымнан жырақ кеткелi?
Шалғайдан алып Шiлiктiң желi
Шығандағы ауыл өкпелi…
Өрмелеп көкке барасың, Үркер,
Ғарыштың тылсым – қойыны.
Жанарға жас боп толасың, Үркер,
Таусылып жердiң ойыны…
Əлдебiр мұң мен құсаға толып
Кеудемде арман булықты-ай.
Көзiмдi тiккен нысана болып,
Шалдыртпай кеткен қулықтай –
Қырық күн жерде жатқан Үркер…