19.05.2022
  143


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Ши басы сыңсып шулайды қамыс.

Ши басы сыңсып шулайды қамыс.
Шоқырақ қақты шардақы.
Тексiздiң бойын бумайды намыс,
Бойкүйез жатты бордақы…
Қараша едi қырбық қар түскен.
Iшiме қырлап мұң ендi.
Əлсiреп жатса жүрек сəл күштен,
Айтады оған кiм емдi?…
Шулайды қамыс, тулайды жүрек,
Шартарапқа сыя алмай.
Улайды намыс, тулайды тiлек
өзiңнен өзiң ұялмай…





Пікір жазу