19.05.2022
173
Зайсан жақтың көкпегi...
Зайсан жақтың көкпегi,
Жайсаң уақтың өкпегi,
Бiлмейтiнiң көп пе едi,
Кеудеңе бұл төкпелi.
Бiр ағайын өкпелi,
Бiр ағайын разы,
Қуан-дағы, құлазы…
Етсе-дағы наразы,
Болса-дағы аразы –
Солар саған – таразы…