19.05.2022
  121


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Жапырақ жиған жануар,

Жапырақ жиған жануар,
Кiмдердiң сенде дауы бар?
Аунай да аунай аулақтан
Алма болса да тауып ал.
Алуан шөп пе қорегiң –
Бау-бақта болар керегiң…
Күз түсiп жатыр атынан,
Жоғалар ертең дерегiң.
Жапырақ жиған, кiрпiм-ау,
Жан барда бойда түртiн-ау.
Қоя тұрса еттi дүние,
Құбыла бермей шiркiн-ау…





Пікір жазу