19.05.2022
  116


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Бау-бақтың тонап думан базарын...

Бау-бақтың тонап думан базарын,
Ойлардың артып Нұрланға азабын,
Қоңыр күз өксiп барады өтiп
Жойып ап жасыл жиһан ғажабын.
Кештiм де күндер қоңырқай кiлең:
«өтер ме, – дедiм, – өмiр қайғымен…»
Он тоғыз жасым, ойланған басым,
Тып-тымық жатқан көңiл айдыны ең…
Қоңыр күз – осы, қоңыр қыз қайда?
Дерткен аспандай жаным сыздай ма…
Жүзiмдi жуған жас па, əлде жаңбыр,
Бетiме тидi тамшылар майда…





Пікір жазу