19.05.2022
  102


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Жанып сөйлер жайтаң қыз...

Жанып сөйлер жайтаң қыз,
Бiз де сiзге айтармыз.
Бұйырмасқа шара жоқ,
Базарламай қайтармыз.
Сауырынан осқырып,
Көздiң құртын өш қылып,
Сылаңдады сайтан қыз
Ерте күндi кеш қылып.
Жайтаң қаға жарады,
Бiр шекелеп қарады.
Бұлаң-бұлаң жүредi,
Бұл өмiрдiң қонағы…
Бұлқынтар ма бұғалық?
Бұлалықты ұғалық.
Бəлду-бəлду сөйлейдi,
Бəлекейдей бұралып…
Бейпiл кетсең, байтал қыз,
Бiз де сiзге айтармыз.
Бұйрықты iстi бұлдама
Бұйырмаса қайтармыз





Пікір жазу