19.05.2022
  126


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Күнгейдiң қары шөктi ме...

Күнгейдiң қары шөктi ме,
Қызыққа аулым бөктi ме?
Қыдыра келген қыздарды
Қырғидай жiгiт өптi ме?
Қыраттың көгi шықты ма,
Қыбайға суық ықты ма,
Қыр үстiнде қаздиған
Қарақты қартым мықты ма?
Қоңторғай көңiл толды ма,
Қошуақ сəтi болды ма,
Қолдан ұшқан қыран құс
Кезеңнен кезең шолды ма?
Күттiрген көктем келдi ме,
Қызыл жел өктем желдi ме,
Жаппа үйлер түгел жанды ма,
Жандығы түгел төлдi ме?
«Аузыңа май», – де қарағым!
Айтқаным түгел келдi ме…





Пікір жазу