19.05.2022
  123


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Ит жылы

Түркiлер пiр тұтқан Ит
Жыл болып енiп түр есiктен.
Ал ине жұтқан ит
Имиiп сытылды тесiктен.
Аңшылық сол дəуiрде
Ие болған Ит едi бəрiне.
Ал биылғы сəуiрде
Жыл болып озады төрiме.
Түркiнiң бiр бұтағы бiз едiк,
Ит мiнiп, ирек қамшыладық.
Құйрық-жалымызды күзедiк,
Көзден қанды жас боп тамшыладық.
Қазақтың бiр баласы мен едiм,
Тiрiдей өлдiм талай.
өзiмдi өзiм демедiм,
Азапты көрдiм талай…
Итiм-ау, иесi бар,
Салайын сүйек саған.
Құтым-ау, киесi бар,
Сүйейiн иек саған…
Ине жұтқан ит,
Кел, мiне, итаяғың.
Азапты ұққан ит,
Мен де бiр күн қасыңа қисаямын…





Пікір жазу