19.05.2022
116
![](/uploads/shorttexts/author_image/adbe5751f84fd269a29c38db149908c1.jpg)
Алматының тұманы Алатауға шөгедi.
Алматының тұманы Алатауға шөгедi.
Əулие-Ата тұманы Қаратауға шөгедi.
Дана дала тұманы бала тауға шөгедi –
Тұман неткен көп едi…
…Қалың тұман қабақта тұрып алды айықпай.
Көзiм алды көрiнбей, қалтылдадым қайықтай.
Жалғыз жарық жоғалды жан-дүниемдi байытпай,
Тұман бiзге лайық па-ай…
Тұман басқан бұл маусым – түк сезiлмес өлiара.
Аспан асты, жер үстi жоғалды ғой шекара.
Жұлдыз болып жайнап бiр ой түсе ме санаға? –
Жай түсе ме, жан аға…