19.05.2022
108
![](/uploads/shorttexts/author_image/adbe5751f84fd269a29c38db149908c1.jpg)
Дүркiн де дүркiн жай түстi...
Дүркiн де дүркiн жай түстi.
Дүрмек те дүрмек бұлт көштi.
Айбыны асар қай күштi? –
Жұқалаң тұсты жылт тестi…
Түйдек те түйдек күн жауды.
Ебiл де себiл болды аспан.
Бiлмедi көзi құрғауды –
Жұлдызды сырып, жолды ашқан…
Дүркiн де дүркiн жай түстi.
Дүрмек те дүрмек бұлт көштi.
Домалақ басқа ой түстi,
Додаға салып бұл кештi…