19.05.2022
  132


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Қара мойнақ кекiлiк,

Қара мойнақ кекiлiк,
«Қарайла» де өтiнiп.
Тарғыл-тарғыл тастардан
Тағдыры жүр секiрiп.
Тарғыл бауыр кекiлiк,
Тартты қайда бекiнiп?
Қылтың-қылтың еткенмен
Құтырғаны өтiрiк…
Сарт етерге сайланған,
Нысанаға байланған.
Тар шатқалдың iшiнде
Тiмсiнуде ойға алған…
Ненi бiлсiн, мақұлық,
Не айтады қапылып?
Тағдырлар жүр тарғыл түс
Бiрiн-бiрi шақырып…





Пікір жазу